+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Технологиялар

Геотекстилді контейнерлермен құрғату

ГЕОТЕКСТИЛДІ КОНТЕЙНЕРЛЕРМЕН ҚҰРҒАТУ

Бұрғылау қалдықтарын қайта өңдеу, "KazEcoSolutions" ЖШС кәдеге жаратылатын субстраты бірлігіне арналған тиімділікті ұлғайту және шығындарды төмендету процесін интенсификациялау үшін  TencateGeotube құрғату технологиясы қолданылады. Бұл технология, бұрғылау және мұнай құрамды қалдықтарынан, оны жол-жөнекей тазарта отырып, суды жоғары тиімділікпен бөлуге мүмкіндік береді.

Геотекстильді контейнерлер мембрандардың беткі жағында қатты бөлшектерді ұстайтын жоғары беріктіктегі сүзгілеуші мата шығарады. Бұл контейнердің әсер ету принципі сызбанұсқада көрсетілген:

1 саты
Толтыру

2 саты
Құрғату

3 саты
Консолидация

ТОЛТЫРУ

Толтыру геотекстиль саңылауы арқылы тиімді сүзгілеу үшін қажетті қысым тудыратын шламдық сораптар арқылы жүзеге асырылады.

ҚҰРҒАТУ

Екінші сатыда, су, контейнердің талшығы арқылы өтіп, қажетті мөлшерде құрғатуды қамтамасыз етеді, соның салдарынан ұсталатын материал көлемінің азаюы жүреді. Көлемнің азаюы контейнер жобалық биіктікке жеткенге дейін  геотекстильді контейнерлерді қайтадан толтыруға мүмкіндік береді. Мембрандар талшықтарында бірінші механикалық тазартудың арқасында, контейнерден ағатын су, қайтадан қолданылуы мүмкін. Сүзгілеуші сұйық фазаны жинау үшін дренажды жүйені құрады. Дренажды сұйықтық барысының соңында, жерге бірінші жинақ үшін 5 м3 көлемінде техникалық су немесе өртке дайындық үшін сұйық қоймаға дренажды әрі қарай тартуға ыдыс көміледі.

Сондай-ақ, ерітінді дайындау кезінде ұсақ мөлшерлі құрылыс бұйымдарын дайындаудың әрі қарайғы процесінде алынған сұйық фазаны, автокөлік жолдарын салудың технологиялық картасында көзделген, сондай-ақ топырақтық жолдардағы шаңжы басу үшін, кіреберіс жолдарындағы және ОПИ карьерлеріндегі топырақ төсемдерін сулау үшін қолдануы ықтимал. Химреагеттерінен тазарту тиімділігін арттыру үшін флоккулянттар немесе коагулянттар қолданылады.

Жүйені тестілеуден соң контейнерді толтыру және бұрғылау қалдықтарынан ағын суды бөлу басталады. Суық уақытта мұздату-еріту тізбектері құрғатудың тиімділігін арттырады:

Қатты фазаны консолидациялау процесі аяқталған соң толтырылған контейнер фронталды тиеушімен немесе  экскаватормен ашылады және оның ішіндегісі әрі қарай өңдеуге және кәдеге жаратуға дайындалады.

Мұнай құрамды қалдықтар осы секілді құрғатуға ұшырайды, әсіресе, мұнай шламы, сұйық қоймалардың түпкі шөгінділерінің тұнбалары, ұңғымаларды кері шаю өнімдері және судың елеулі мөлшері бар басқа қалдықтар.