+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Технологиялар

Дайын өнімді солидификациялау және алу

Кептірілген бұрғылау шламын бейтараптандыру және оны әрі қарай қайта өңдеуге дайындау солидификациялау немесе қатайту жолымен жүргізіледі. Мұндай технология бұрғылау шламы негізінде мықты құрылыс материалын алуға мүмкіндік береді. Қатаю кезінде түзілген мықты конверсиялаушы матрица қоршаған орта объектілеріне токсинді заттардың еруінің және көшуінің алдын алады, қосымша оларды физикалық және химиялық байланыстырады, қоршаған ортамен беткі қабаттың түйісуін төмендетеді. Алдын ала залалсыздандырылған бұрғылау шламы құрылыс материалдары өндірісінде - кірпіш, керамзит, ұсақмөлшерлік құрылыс бұйымдары және т.б. қолданылады.

Залалсыздандыру нәтижесінде алынған өнім құрылыста қолданылуы мүмкін. Алдын ала залалсыздандырылған бұрғылау шламы құрылыс материалдары өндірісінде - кірпіш, керамзит, ұсақмөлшерлік құрылыс бұйымдары байланыстырушы жол жабындары қоспалары, сондай-ақ карьерді кері жабуға арналған инертті топыраққа, жергілікті рельефті жоспарлауда, рекультивациялық мақсаттар және т.б. қолданылады. 

Кәдеге жарату өнімдерінің ықтимал номенклатурасы:

  1. СТ 91395-1910-ТОО-01-2012 бойынша ұсақ мөлшер құрылыс бұйымдары -сплиттерлік блоктар . Қолдану саласы қоршаушы конструкциялар, қосалқы және уақытша ғимараттар құрылысы.
  2. СТ 91395-1910-ТОО-02-2012 бойынша байланыстырушы қоспалар Автокөлік жолдары.  Төсеніштерді және күрделі, жеңілдетілген және жол киімдерінің өтпелі типтері автожолдардың төсемдік қабаттары үшін қолданылуы мүмкін.

Ұсақ мөлшерлік құрылыс бұйымдары пішіндеу жабдығында жүргізіледі, онда ерітінді бетонды торап, ерітіндіні бункерге беруге арналған транспортерлі жолақ,  вибростанок және пішіндеу бастырғыш кіреді. 

Пішіндеу жабдығы және дайын өнім – сплиттерлік блоктар

  • Дайындалған топырақ жабыстырушы агентпен араластырады және қатты матрицада тұрақтындур үшін пішіндеу жабдығында бастыруға ұшырайды.
  • Дайын байланыстырушы қоспалар байланыстыругы қоспаларды шығару жөніндегі қондырғыда дайындалады.

Қондырғы жолдар үшін байланыстырушы қоспаларды дайындау үшін пішіндеу кешеніне қосымша ретінде қолданылады.