+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Жаңа жетістіктер

«КazEcoSolutions» ЖШС  ластанған топырақты «Мико-Ойл» биопрепараты арқылы агро-микробиологиялық тазалау технологиясын ойлап шығаруға патент берілгендігі туралы қорытынды алды.

Соңғы бірнеше жылдарда «КazEcoSolutions» ЖШС   ғылыми зерттемелерде жаңа жетістіктерге жетуде. Қорытындысында ластанған және мазутталған топырақты «Мико-Ойл» биопрепараты арқылы агро-микробиологиялық тазалау технологиясын ойлап шығаруға патент берілгендігі туралы қорытынды алды. Бұл технология ауыр жағдайларға бейімделген, белсенді штаммдарының деструктор мұнай көмірсутектерінің тарихи ластанған жерлерде және  агро-техникалық іс-шаралары кешенінде биологиялық ремедиациялау процесінің жүзеге асырылуының кіріспесін білдіреді.

Әдістің жаңалығы топырақты тазалауда түбегейлі жаңа көзқарас болып табылады:  биологиялық өнімді енгізу топырақты биоремедациялық процесске дайындауда сәтті тазалануды қамтамасыз ететін қажырлы және жауапты жұмысты қажет етеді.

Бұл кезеңде мұнай ластануларын алғашқы жою процессін бастайтын аборигенді микрофлора белсендіріледі.  Әрі қарай топырақ  әр түрлі механикалық өңдеуге ұшырайды, айта кететіні агро-мелиоративті тәсіл топырақ түріне, оның тереңдігі мен  ластану профиліне қарай жеке таңдалады. Алғашқы механикалық өңдеуден кейін топырақ ылғалмен қанығады.  Одан әрі топырақтың қаңқасын сақтап қалу және органикалық,  минералдық тыңайтқыштармен, ылғал және микроорганизмдер штамдарымен жеңіл қол жеткізілуін қамтамасыз ету үшін агро-мелиорантпен құрылымдайды. Тыңайтқышты коптеген бастапқы деректерді (ластаушы заттардың концентрациясы,топырақ түрі, тығыздығы, рН, ылғалдылығы, қарашірік көкжиегінің қуаты болган жағдайда, гранулометриялық құрамы және басқалар) ескере отырып қатаң есептелген мөлшерде қолданады.  Аталған іс шаралар сәтті өткізіліп, тазартылған топырақ әрі қарайғы процесске дайын болған жағдайда ғана концентрациясы дәл есептелінген «Мико-Ойл» препаратының биомассасы  су ерітіндісі түрінде енгізіледі.  Агро-микробиологиялық тазалау процесінің барлық кезеңінде мұнай көмірсутектерінің сандық (және кейде сапалық)  көрсеткіштеріне аналитикалық бақылау жүргізіледі.  Мол тәжірибе барысында «Мико-ойл» инновациялық микробты препараты қолданылатын осы патенттелген  технологиясын тіпті Батыс Қазақстан жағдайындағы ауыр және тұтқыр мұнай қоспаларынан топырақты мұнай көмірсутектерінен тазартуда қолдану барысындағы орташа тиімділігі 93-97%-ға анықталды.  

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» "Промышленная собственность" ресми бюллетенінде патентті жариялау «30» мамыр 2017 жыл деп күтілуде.