+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Компания көрсететін қызметтер

Мұнаймен ластанған жерлерді биоремедиациялау

 "KazEcoSolutions" ЖШС технологияларын қолданатын арсеналында мұнаймен ластанған жерлердің биологиялық ремедиациялау ерекше орын алады. Оларды табу орындарында тікелей жердің бастапқы сапасын тазарту және қалпына келтіруге бастапқы мән бере отырып, компания мамандары 5 жыл ішінде микробиологиялық ремедиация зерттеулерімен айналысты.

Бұл зерттеулердің нәтижесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биотехнологтарымен бірігіп әзірленген және Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының топырақтық-климаттық,   метеорологиялық, агротехникалық ерекшеліктеріне бейімделген «Мико-Ойл» биопрепараты болды. 20113 жылы «Өзен» кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар ауыр мұнаймен тарихи ластануларды тазарту бойынша  биопрепараттың ерекше тиімділігін көрсетті. Сонымен,  30 күн ішінде сынақтар өткізу кезінде, биопрепарат 93% тиімділігін және бастапқы құрамнан 15 есе көп мұнай көмірсутегінің шоғырлануының төмендеуін көрсетті.

 

«Мико-Ойл» биопрепараты Батыс Қазақстан топырағынан бөлінген мұнай көмірсутектің  аборигендік штамм-деструкторларынан тұрады. Осы биопрепараттың бактерия штаммдары күрт континтенталды климаттың экстремалды жағдайларына жоғары бейімделген, 50°С дейінгі температураның амплитудасы кезінде, төмен деңгейде топырақтың ылғал тартатын жән жоғары тұздылықтағы топырақта белсенділік сақтауға қабілетті.

Биопрепарат паста тәрізді қоспадан тұрады немесе қолдануға дайын көмірсутек қышқылдаушы непатогенді бактериалды және Bacillussubtilis 109КС, Pseudomonasaeruginosa 122АС, Rhodococcuserythropolis 119ГМ, Rhodococcusgloberulus 51КС, Trichosporonjirovecii В2, Trichosporonoidessp. В1, Trichosporoncutaneum Р20СО2, Aureobasidiumpullulans П7 ашытқылық штаммдарынан тұратын шоғырланған жасушылаы ерітінді. Микроорганизмдер клеткалары инертті тасымалдаушыда (толтырғыш) – қоршаған ортаның сыртқы факторларынан, сондай-ақ топырақтық мелиоранттың қорғаныс құралы ретінде қолданылатын бентонитті сазда ыдыратылған.