+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Менеджмент жүйесі

"KazEcoSolutions" ЖШС-да ISО9000 және ISO14000 сериялы халықаралық стандарттар негізінде сапаны басқарудың және қоршаған ортаны қорғаудың кіріктірілген жүйесі әзірленген және ендірілген. Қазіргі кезде OHSAS 18000 спецификациясы негізінде еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздік техникасын басқару жүйесін енгізу және кіріктіру жөніндегі жұмыс жүргізілуде.  Компания көрсетілетін қызметтерді және шығарылатын өнімнің сапасын тұрақты жақсарту принциптерін ұстанады. Компания қызметінің базалық басымдықтары – қызметкерлерге арналған еңбектің қауіпсіз талаптары, денсаулығы мен еңбегін қорғау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатты рационалды пайдалану.