+ 7 (727) 2 662 888
   Технология артықшылығы

Алып кеме – теңізде жүзеді!

14 тамыз 2015 жыл  KMT International, USA өндірісі MegaMacs түпкі шөгінділерден сұйық қоймаларды тазарту жөніндегі қауіпті өндірістік объектілерде мобильді кешенді қолдануға Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті ресми рұқсат берді.

MegaMacs – мұнай және мұнай өнімдері қоймаларын жоғары тиімді роботталған тазарту жөніндегі заманауи кешен. Сұйық қойманың ішіне операторлардың кірмеуінің арқасында, кешен қызметкерлердің денсаулығы мен өмірі үшін қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Барлық операциялар 150 метрге дейін қауіпсіз қашықтықта дистанциялық түрде жүзеге асырылады. Сондай-ақ МегаМАКС кешені жұмысының қауіпсіздігі электрлік контурлардың болмауымен қамтамасыз етіледі (барлық жабдық гидрожетекті). МегаМАКС-те бірде бір электрлі мотор жоқ. Кешен сұйық қоймадан 150 м дейінгі қашықтықта орналасқан үйіндінің ары жағына орналасады. Барлық қозғалғыш элементтердің стандарттарға сай боялған қорғаныс қабықтары бар.

«KMT International, Inc.» компаниясы дайындаған, MegaMACS АҚШ кешені түпкі мұнай шламдарының шөгінділерінен, сондай-ақ шлам жинағыштардан 100-ден 240000 м3 дейінгі көлемдегі мұнай және мұнай өнімдерін сақтайтын мұнай сұйық қоймаларын механизациялық тазарту үшін ұсынылады. MegaMACS мұнай шламдарынан шығарылатын және қайта өңделетін мұнай және мұнай өнімдерін бір уақытта кәдеге жарататын сұйық қоймалар мен шлам жинағыштарды тазартудың жоғары тиімді мобильді кешені болып табылады. MegaMACS мұнай және мұнай өнімдерінің кез келген қоймасынан түпкі шөгінділерді тазарту кезінде сұйылту, шығару, алдын ала және толық фазаға бөлуге арналған. Кешенге технологиялық блоктардың осы міндеттерін орындауға арналған барлық қажеттілер қосылады және тазарту жұмыстарында қолданылатын түрлі қосымша жабдықты энергиямен қамтамасыз етуге қабілетті.

 

Мұнай және мұнай өнімдерінің сұйық қойма-қоймаларын, басқа ыдыстық технологиялық жабдықтарды, сондай-ақ мұнай шламдарын жинағыштарды тазартудан басқа MegaMACS кешені мұнай құю барждары мен танкерлерді тазарту үшін, теміржол цистерналарын жуу үшін, мұнай шламдары тұнбаларынан өнеркәсіптік кәріздерді тазарту үшін, цистерналар мен ыдыстардағы және т.б. (мазутты-гудронды қоспалар) жабысқақ қалдықтарын еріту үшін сәтті қолданыла алады.

Кешеннің бірегейлігі оны мобильділігінде, энергияға тәуелсіздігінде, технологиялық икемділігінде, сондай-ақ оның құрамына кіретін жабдықтың жоғары тиімділігі мен өнімділігінде болып тұр. Үлкен бригадалар жұмысын, тіпті елу және одан көп адамның қолмен тазартатын сұйық қоймаларын, ұсынылған кешеннің екі-төрт үйретілген операторы жасай алады. Сұйық қойманың зиянды жағдайында адамның болуы азайтылған, көп жағдайда адам болмайды.

Кешен мейлінше автоматтандырылған, қызмет көрсетуде қарапайым және энергияның сыртқы көздеріне тәуелсіз, себебі электр энергиясын да, буды да талап етпейді. Кешен объектілердің жоғары сапалы тазаруын ғана жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар түпкі тұнбалар мен шөгінділерден пайдалы өнімдерді шығаруды қамтамасыз етеді.